Arrow mask

ТОПТАР / ТАРИХЫ

Lancaster Group 2003 жылы 20 жыл бойы бір-бірімен таныс болған 4 дос және іскерлік серіктестер арқылы құрылған.

lancaster-hero-history

Бүгінгі таңда олар әлі де Lancaster Group-тің ақция иеленушілері болып табылады: бұл Lancaster Group өзара компания ішінде және оның серіктестерінің сенімділік пен тұрақтылық негізінде туылған көрсеткіш.

Нұрлан Қаппаров,Ерболат Досаев, Берік Қаниев және Юрий Пак еліміз 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстандағы алғашқы кәсіпкерлер болыр табылады.Мектеп қабырғасынан бергі достар, өздерінің қаражатын, білімін, тәжірибесін 2003 жылы Lancaster Group компаниясын құруға арнамас бұрын,1990 және 2000 жылдары синергеталық бизнес құрды.

1990 жылы Нұрлан Қаппаров Accept Корпорациясын құрып,Қаппаровтың ұйытқы болуымен Досаевтің сәтті басқаруымен бұл корпорация Қазақстандағы ең мықты мекемеге айналды.1997 жылы Accept Корпорациясы қырықтан астам телекоммуникация, ауыршаруашылық саласындағы компанияларды иеленіп басқарды.

Сол уақытта Берік Қаниев пен Юрий Пак Kazneftecom компаниясын құрып,оны Қазақстандағы ең үлкен мұнай өнімдерін таратушы етіп,және КВК, тұрақты инвестициялық компанияға айналдырды.

Сол кезде, Қазақстан мемлекеті табысты кәсіпкерлерді мемлекеттік компанияларды басқаруға шақырды.Нұрлан Қаппаров мұнай тасымалдаушы КазТрансОйл компаниясының басшысы болып 1997 жылы сайланды, содан кейін 1998 жылы мұнай және газ KazakhOil (қазіргі KazMunaiGas) компаниясын басқарды.Кейін ол Энергетика және минералды ресурстар министрінің орынбасары болып қызмет атқарды.Қаппаров мемлекеттік қызметте және ұлттық компанияларда 1997-2001 аралығында төрт жыл бойы жұмыс жасады.Он жылдан соң, ол мемлекет ісіне қайта шақырылды.

Ерболат Досаев та 1990 жылдың аяғында мемлекеттік қызметке шақырылды.Ол тоғыз жыл бойы жоғары лауазымдарды, соның ішінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрі және Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды.

Берік Қаниев 1998 және 1999 жылдар аралығында KazakhOil вице-президенті және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің кеңесшісі ретінде қызмет атқарса,Юрий Пак KazakhOil-дің бөлім бастығы ретінде жұмыс істеді.

2003 жылы, Нұрлан Қаппаров пен Юрий Пак өздерінің іскерлік тәжірибесін, қорларын пайдаланып, активтерін біріктіріп, жаңа, келешегінен үміт күттіретін, өзіндік құны бар мекеме құрды. Бұл Lancaster Group-тің құрылуына әкелді.

Кейінірек, 2006 жылы Ерболат Досаев үш акция иеленушімен тең серіктес және Директорлар Кеңесінің мүшесі ретінде Lancaster Group-тің құрамына шақырылды. Қаппаров тәрізді Досаев та 2011 жылы мемлекеттік қызметке қайта шақырылды.

Құрылғаннан бастап, он жылдан астам уақыттан бері Lancaster Group жан-жақты компания ретінде танымал болып келеді, оған қоса Италия,Англия,Франция,Түркия,Жапония елдерінің басшыларымен бірге күшті халықаралық келісімдер жасасқан.

Компания бизнестің шешуші саласында өз орнын тапқан, соның ішінде қаржы, инфрақұрылым,мұнай және газ, акцияларға жеке салымдар сияқты салалар.Ең маңыздысы, Lancaster Group-тің акция иеленүшілер мен директорлар кеңесінің мүшелері сенімділік пен толассыз кызмет ету барысында ұлттық және халықаралық беделге жетіп, осының бәрі үнемі өсу мен компанияның өзіндік жетістігі болып табылады. Мұнысы компанияның ұранында айқын көрінуде: Сенімділік арқасындағы табыс.

ҒАЛАМДЫҚ СЕРІКТЕСТЕР

Global Partners abdi jcdecaux senko saipem sitek dsl
Password Reset
Please enter your e-mail address. You will receive a new password via e-mail.