Arrow mask

ТОПТАР / МИССИЯСЫ МЕН ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

МИССИЯСЫ

Lancaster Group – меншікті акционерлік компания, ол өз акционерлері, қызметкерлері және қоғамға арнап экономикалық және әлеуметтік құндылықтарды құру мақсатымен пайда болып жатқан және дамыған нарықтарда активтерді құрумен айналысады.

 

ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

Қарым-қатынастар

Lancaster Group-тың иегерлері орта мектептен бастап жақын дос болып келеді. Олардың жеке достық қарым-қатынастары дербес тұлғалардың, сондай-ақ табысты іскер адамдардың дамуының негізгі ережесіне айналды. Біздің бизнесімізде біз өзара сенімділік көзқарасқа және бізбен жұмыс істейтін барлық адамдарға құрметпен қарауға негізделген ұзақ мерзімді қатынастарды бағалаймыз.

 

value-quality2

Сапа

Бизнесімізді жүргізу кезінде біз жұмыс істеп жатқан барлық жобаларға барынша жоғары қанағаттану сезіміне ие болуға тырысамыз. Біз аса ірі, алайда сапасы төмен жобаларды таңдаудан гөрі, көбінеки сапасы жоғары шағын жобаларды таңдап алатынбыз, себебі сапа біздің жаңа жобаларды таңдаған кезде соларға қоятын ең маңызды талабымыз болып табылады. Бұл тұрғы ешқандай айрықшалықтарды қолданусыз жүзеге асырылады және біздің ағымдағы міндеттерімізді көрсетеді.

 

value-reputation2

Беделі

Біз өзіміздің қызметкерлеріміз бен іскер әріптестеріміздің адалдығын, тік беткейлігі мен сенімділігін бағалаймыз. Біздің іскерлік және жеке беделіміз біз үшін жоғары маңыздылыққа ие, сондықтан біздің күнделікті әрекеттеріміз бен қарым-қатынастарымызда жоғары әдептік стандарттарды орнату біздің іскерлік қатынастар бойынша іс-тәжірибеміздің басты элементі болып табылады.

 

value-social

Жауапкершілік

Әлеуметтік жауапкершілік біздің корпоративтік құндылықтарымыздың ажырағыссыз бөлігі болып табылады: Lancaster Group-та біз әлеуметтік жауапкершілікті іскерлік қатынастардың саналы тәжірибесі ретінде санаймыз. Біздің мүдделі тараптармен қарым-қатынастарымыз адалдыққа, сенімділік пен айқындылыққа негізделген. Біз өзіміздің ұзақ уақыттық табысты қызметіміз біздің адал және ашық қарым-қатынасымызға, сондай-ақ барлық әрекеттеріміздегі жоғары әдептік стандарттарымызға байланысты екендігіне анық сенімдіміз.

Біз өзіміз қызмет ететін бірлестіктерге қайырымдылық көмек жасаумен өзіміздің қоғамда алатын орнымызға жауапкершілікпен қараймыз. Біз әлеуметтік және экологиялық проблемаларды түсінеміз және тұрақты дамуға қол жеткізу мақсатымен еркін түрдегі әрекеттерді жасау арқылы өз күш-жігерімізді соларды шешуге бағыттап отырамыз. Біздің әлеуметтік іс-әрекетіміз оқу құралдарын, спорттық және мәдени шараларды қолдау арқылы жүзеге асырылады.

 

value-people2

Адамдар

Біздің кездесіп отыратын, өздерін жалдайтын және өздерімен іскерлік қатынастарды құрып отырған адамдарымыз біздің ең елеулі активтеріміз болып табылады.

 

value-motherland2

Қазақстан

Қазақстан – біздің Отанымыз; біздің өз елімізді соншалықты күшті сүйтендігіміз туралы факт бізге күш береді, біздің тұтастығымызды қолдайды және бізге әлемдік іскерлік қатынастарды құруға мүмкіндік береді.

ҒАЛАМДЫҚ СЕРІКТЕСТЕР

Global Partners abdi jcdecaux senko saipem sitek dsl
Password Reset
Please enter your e-mail address. You will receive a new password via e-mail.